Кадеттер санатында кумите бағдарламасы бойынша 61 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Айару Қалысбек қола жүлде иеленді. Ол кіші финалда сербиялық Анастасия Рудинацты айқын басымдықпен ұтты. Есеп 5-2 болды.
Бұған дейін Айару Қалысбек топтық кезеңде Финляндия, Албания және Испания спортшысынан басым түскен болатын. Ал ширек финалда Жапония өкілі Кохару Сатоны 4-0 есебімен ұтты.
Кейін финалға берілер жолдаманы Михаэла Аркаленмен сарапқа салды. Тартысты жекпе-жекте 3-6 есебімен америкалық қарсыласы басым түсті.
Айта кетейік, финалдық бәсеке жалғасып жатыр. Алда жасөспірімдер санатында Ұлттық құрама спортшысы Сұңқар Қанибек алтын медаль үшін таласады. Қарсыласы — Броди Каллен (Шотландия).
Еске салайық, Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алған болатын.