Конференция аясында делегация мүшелері ядролық саладағы жетекші халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Атап айтқанда, АЭХА бас директоры Рафаэль Гросси, агенттіктің бас директорының орынбасары Михаил Чудаков, EDF директорлар кеңесінің төрағасы Бернар Фонтана, World Nuclear Exhibition президенті Сильвия Берманн және энергетика мен дипломатиялық қауымдастықтың басқа да өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ Ернат Бердіғұлов АЭХА-ның Қазақстанмен техникалық ынтымақтастық бағдарламаларына жауапты жетекшісі Сибель Унлумен кездесу өткізді.
Кездесу барысында атом электр станциясын салуға дайындық және техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Тараптар сондай-ақ Қазақстанда АЭХА тарапынан ұйымдастырылатын мамандандырылған семинарлар, АЭХА-ның міндетті миссияларын (INIR, IRRS және т.б.) өткізу, сондай-ақ қазақстандық мамандарға арналған оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламаларының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар АЭХА тарапынан көрсетілетін сараптамалық және техникалық қолдау түрлері, сондай-ақ Қазақстанның көршілес елдер алдындағы агенттік талаптарына сәйкес халықаралық міндеттемелері талқыланды.
Ернат Бердіғұловтың айтуынша, АЭХА-мен ынтымақтастық еліміз үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл ынтымақтастық негізгі жобаларды жүзеге асыруға қажетті қолдауды қамтамасыз етіп, атом энергетикасы саласындағы қазақстандық мамандардың жаңа буынын даярлауға тұрақты негіз қалыптастырады.
– Алдағы уақытта біз АЭХА-мен бірлесіп, атом электр станцияларының болашақ иелері мен операторларының жауапкершіліктеріне, сондай-ақ Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін кадрлар даярлау мәселелеріне арналған бірқатар техникалық семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай келіссөздер халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, атом энергетикасының болашағын айқындайтын және жаһандық қауіпсіздікке үлес қосатын ортақ шешімдер қабылдауға жол ашады, – деп атап өтті Ернат Бердіғұлов.
Айта кетейік, АЭХА Қазақстанға атом электр станциясын салудың барлық кезеңінде қолдау көрсетпек.
Қазақстанда АЭХА зерттеу реакторлары бойынша халықаралық конференциясы өтуі мүмкін.
АЭХА Өзбекстан билігінің АЭС салу жоспарына қолдау білдірді.
Қазақстан АЭХА-ның 69-шы Бас конференциясында атом энергетикасының жаңа даму кезеңін жариялады.