Каирдегі байланыс операторының ғимаратынан өрт шықты
АСТАНА.KAZINFORM - Дүйсенбі күні Каирде Telecom Egypt негізгі телекоммуникациялық компаниясының кеңсесі орналасқан ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Reuters.
Өрт салдарынан 22 адам зардап шекті, сонымен қатар байланыс ақаулары болды. Бұл туралы Reuters-ке Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлады.
Мемлекеттік телеарна тілшісі өрттің сөндірілгенін айтты.
Адамдар бір-біріне телефон соға алмай, интернет байланысы үзілді. Кейбір цифрлық банкинг қызметтері, соның ішінде несие карталары, банкоматтар және онлайн транзакциялар да тоқтап қалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Хоссам Абдель Гаффардың айтуынша, зардап шеккендердің көпшілігіне иіс тиген.
MENA мемлекеттік ақпарат агенттігі өрттің бүкіл ғимаратқа және іргелес шатырларға таралуының алдын алғанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін, деп хабарлады MENA.
Бұған дейін Испанияның оңтүстігіндегі химиялық қоймадағы өрттен 80 мың адам оқшауланған болатын.