АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматылық «Қайрат» футзал клубы бас бапкер Паоло Рикардо Каканың қызметінен кеткені жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бразилиялық маман келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтағы қызметін аяқтады.
Кака алматылық клубқа қызметке 2018 жылы келді. Содан бері қазақстандық футзалдың танымалдығын арттыруға күш салды. Оның жетекшілігімен команда түрлі жарыстарда 242 ойын өткізді. Оның 202-де жеңіске жетіп, 21-де тең түссе, 19 мәрте қарсыласына есе жіберді.
Команда 5 мәрте Қазақстан чемпионы атанса, төрт-төрттен Қазақстан кубогы мен суперкубогын төбесіне көтерді. 2018/19 жылдары Чемпиондар лигасы финалына шықса, 2020/21 жылдары жартылай финалға дейін жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде орнын сақтап қалғанын жазған болатынбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.