Калифорния билігі Waymo компаниясының роботаксилеріне штат аумағындағы жолдарда жүруге тыйым салды. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл көліктер қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.
Калифорнияның Көлік құралдары департаментінің мәліметінше, мұндай шешім Waymo-ның жүргізушісіз көліктерінің бірі Сан-Франциско маңындағы автомагистральда қозғалысты реттеп тұрған жол патрулі қызметкерлерін айналып өтуге әрекет жасағаннан кейін қабылданған.
Бұдан бөлек тағы бір оқиға компанияның үш роботаксиі құрылыс жүргізіліп жатқан жол бөлігіне кіріп кеткен.
Waymo компаниясы құрылыс алаңындағы оқиғалардан ешкім зардап шекпегенін және көліктердің соқтығыспағанын хабарлады. Сондай-ақ автомагистральдарда қозғалысты қайта бастау үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Waymo компаниясының роботаксилері АҚШ-тың оннан астам қаласында қызмет көрсетеді. Google-дың бас компаниясы Alphabet Inc. құрамына кіретін Waymo жүргізушісіз таксилерін алғаш рет 2024 жылы Сан-Франциско қаласында іске қосты.
Бұған дейін еліміздің үш қаласында пилотсыз такси іске қосылатыны хабарланған болатын.