Штаттың өрт басқармасының мәліметінше, жалын 202 мыңнан астам гектар аумақты шарпыған.
Бұдан басқа, өрт 1027 құрылыс, соның ішінде 547 жеке тұрғын үй, сегіз көппәтерлі тұрғын үй, 131 коммерциялық емес нысан, сегіз коммерциялық және тұрғын ғимарат және 333 қосымша құрылысты зақымдады. Осылайша, «Дикси» штат тарихындағы алапат апаттардың қатарына енгізілді
Айта кетсек, 14 шілдеде басталған өрт Калифорнияның бірнеше округінде өршіп, жайылған.
Өрт салдарынан үш құтқарушы зардап шекті.