«Бұндай байланыс болған. Оны тексеріп жатырмыз. Қазір оның жазасын өтеу мерзіміне қатысты барлық деректі тергеу басталды. Руслан Күлікбаев қаңтар айында Алматыға келгеннен бергі әр қадамын тексеріп жатырмыз»,-деді Қ.Қасымов Үкімет отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап бере келе.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 18 шілде күні Алматыда орын алған оқыс оқиғаға қатысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өткізген болатын.
«Күлекбаев Руслан Алпысбайұлы 1990 жылы 11 маусымда туған, Қызылорда облысының тумасы, бұның алдында Байқоңыр қаласында тұрып келген. Үйленген. Соңғы кездері Алматы облысы Іле ауданы Ынтымақ ауылында тіршілік еткен, ұялы телефон сатумен айналысқан. 2010 жылы 27 тамызда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотымен Қылмыстық кодекстің 178 бабы 2 бөлігі бойынша («Зорлық көрсету арқылы тонау») сотталған. 2012 жылы 8 мамырда Қызылорда облыстық сотымен ҚР ҚК-нің 251 бабы («Атыс қаруын заңсыз сатып алу және сақтау») бойынша 2 жылға және 11 айға бас бостандығынан айырылды. Колонияда салафиттерге қосылып кеткен», - деді Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҰҚК-нің басшысы В.Жұмақанов.