ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауа райының нашарлап, қалың тұман түсуіне байланысты полицейлер жүргізушілерге ескерту жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары, Ордабасы мен Бәйдібек аудандарының 15-134 шақырым бағытында Шымкент-Самара тасжолында қалың тұман мен нөсерлі жауынға байланысты жолда жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз!», - делінген хабарламада.
Қалың тұман жүргізушілердің жолда жүруіне кедергі келтіруде. Тауға жақын аймақтарда жауған жауыннан асфальт беті көлік доңғалақтарының қозғалуына қиындық туғызуда.
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары трассалардың бойында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кезекшілік атқарып жатыр.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.