«Арнайы операция барысында Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ұрланған Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкерін босатып алды. Алматы қаласының үш тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілігіп отыр», - деді ол.
Оның айтуынша, 17 сәуір күні «Алматы-Тараз» тасжолында жеке көлікке мінген күдіктілер қырғызстандық мінген автомобильді мәжбүрлеп тоқтатқан. Осыдан кейін өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, оны ұрлап кеткен.
«Операция барысында көрші елдің ұрланған азаматы зардап шеккен жоқ. Ұсталғандар уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді Алмас Садубаев.