КамАЗ соққан велосипедшінің жағдайы белгілі болды
12:56, 31 Шілде 2019
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дәрігерлер КамАЗ соққан велосипедшінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, пациенттіЖандосов пен Жароков қиылысында жүк көлігі қағып кеткен.
Жарақат алған жігіт орталық клиникалық ауруханағажеткізілген.
Ауруханада оған УЗД, КТ, рентген жасалды.
Хирург, уролог, терапевт, офтальмолог, нейрохирургдәрігерлер қарап шықты.
«Жол апатының кесірінен пациент қосарланған жарақат алған.Миы шайқалған. Бас сүйегі жараланған. Мұрын сүйектері сынып кеткен. Денесіндесырылған жарақат көп. Қабағы жыртылған. Қазір ол аурухананың травматологиябөлімінде жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөзқызметінен.
Айта кету керек, жол апаты бүгін Жандосов-Жароковкөшелерінің қиылысындаболған.