Жер сілкіністерінің эпицентрлері Петропавл-Камчатский қаласынан 366-381 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, магнитудасы 6,4 болатын алғашқы жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 22:41-де болған. Оның эпицентрі Петропавл-Камчатскийден 381 шақырым жерде орналасқан, ал гипоцентрінің тереңдігі 37,3 шақырымды құраған.
Бес минуттан кейін, сағат 22:46-да сейсмологтар магнитудасы 5,6 болатын екінші жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі Петропавл-Камчатскийден 366 шақырым жерде, ал гипоцентрінің тереңдігі 37,5 шақырым болған.
Тағы бес минуттан соң, сағат 22:51-де магнитудасы 5,3 болатын үшінші жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы эпицентр қаладан 367 шақырым қашықтықта орналасқан, гипоцентрінің тереңдігі 21 шақырымды құрады.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, өңірдегі елді мекендерде жер асты дүмпулерінің сезілу-сезілмеуі туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы жедел ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, кеше Грекияның Эвбея аралында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелді.