АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Камчаткасында ғалымдар магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді. Петропавл-Камчатский қаласының тұрғындары әлсіз жерасты дүмпуін сезген, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС -қа сілтеме жасап.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болған, ал эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 81 шақырым қашықтықта орналасқан.
Тұрғындар әлсіз жерасты дүмпуін сезген. Ал оның күші нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Жапония жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.
Ақзат Жиеналина
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі. 2024-2026 жылдары облыстық "Ақтөбе" қоғамдық-саяси газетінде қызмет еткен. Қазіргі таңда Kazinform халықаралық-ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.