Камчаткада магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 324 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Ғылым академиясы Геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлаған.
Мекеме мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,4-ке жеткен. Эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 324 шақырым жерде, ошағы 30 шақырым тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жапония жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі болған еді.