АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық баспасөз қызметі хабарлауынша, Камчатка өлкесіндегі мамандар соңғы тәулік ішінде магнитудасы 5,4 балға дейін 16 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
- Тәулік ішінде магнитудасы 3,1-ден 5,4-ке дейінгі 16 афтершок болды. Елді мекендерде бір жер сілкінісі сезілді, - делінген мәлімдемеде.
Бұдан басқа, тәулік ішінде Крашенинников жанартауынан екі күл атқылауы болған. Елді мекендерде күлдің түсуі тіркелген жоқ.
Айта кетейік, 2026 жылы Өзбекстан жер сілкінісін ЖИ арқылы болжауға кіріседі.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.