«Бізде қазір бірқатар мәселелер бар, олар заңнамалық тұрғыда шешімін табуы тиіс. Оның қатарында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату, оларға қатысты медициналық кастрация қолдануды заңдастыруға дейін баруымыз шарт. Мұндай шаралар Франция, Бельгия, Польша, Израильде қолданылуда. Осы мәселе қазір қаралып жатыр. Жұмыс тобы бар. Меніңше осындай шара бізде де болуы керек», - деп атап өтті ол. Еске сала кетейік, бұның алдында хабарлағанымыздай, биылдың өзінде балаларға қатысты зорлық бойынша 726 факті тіркелді. Былтыр осы мерзімде 485 қылмыс тіркелген болатын.
13:01, 15 Шілде 2015
Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату керек - ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда педофильдерге медициналық кастрация жасау жазасын енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Берік Қожамбердиев мәлім етті.