Кәмшаттың балалайканың сүйемелдеуімен орындаған биі видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Ваня атты кәмшат аталығының балалайка сүйемелдеуімен билеп жатқан видеосы пайда болды.

Оқиға Ресейдің Челябі қаласындағы зообағында болған. Жергілікті фольклорлық ұжым әртістері коляда әуенін орындау үстінде жануарлардың билей бастағанын байқаған. Таң-тамаша болған келушілер балалайка тартушыға Ваня үшін арнайы нөмір орындауды сұрап, кәмшаттың биін видеоға түсіріп алған.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, Ваня үнемі көтеріңкі көңіл-күйімен ерекшеленетін, бірақ оның хореографиялық талантын ешкім байқамаған.