Канада Гаитиді қаржыландыруға 60 миллион канадалық доллар бөлетінін жариялады

Фото: anewz.tv

АСТАНА. KAZINFORM — Канаданың Сыртқы істер министрі Анита Ананд Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Гаитидегі тұрақтылықты қолдау үшін 60 миллион канадалық доллар (43,35 миллион АҚШ доллары) бөлінетінін айтты. Бұл туралы anewz.tv хабарлады.

Министрдің мәлімдеуінше, қаржыландыруға Гаитидегі көпұлтты қауіпсіздікті қолдау миссиясы үшін 40 миллион канадалық доллары кіреді.

Сондай-ақ Гаити мен Кариб бассейніндегі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың өсіп келе жатқан қаупімен күресу және әлеуетті күшейту үшін аймақтық теңіз қауіпсіздігі бастамасына 20 миллион канадалық доллары бар.

Еске салайық, Гаитиде 1,3 млн адам қарулы бандалардан қашып, үйлерін тастап кеткен