Канадада Илон Маскты азаматтықтан айыруды талап еткен петиция басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Илон Масктың қос азаматтығын жоюға шақырды, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.
Канадада АҚШ президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі Илон Маскты ел азаматтығынан айыруды талап ететін петиция басталды. Халық оны «елдің ұлттық мүддесіне қайшы келетін әрекеттермен айналысады» деп сынға алды.
Жазушы Квалиа Рид бастаған және Жаңа Демократиялық партияның (NDP) депутаты Чарли Ангус қолдаған қол жинау науқанына мыңдаған канадалық азамат қатысты.
Премьер-министр Джастин Трюдо Оңтүстік Африкада дүниеге келген Масктың қос азаматтығын жоюға және анасы арқылы алған Канада азаматтығынан айыруға шақырды.
Петицияда кәсіпкер Маск «байлығы мен билігін Канададағы сайлауға ықпал ету үшін пайдаланады» және «Канада егемендігін жоюға тырысатын шетелдік үкіметтің мүшесі» делінген.
50 мыңнан астам адам қол қойған петиция 20 маусымда Қауымдар палатасына ұсынылады.
Kazinform үшін арнайы Anadolu Ajansı серіктес агенттігі ұсынған.
Бұған дейін Трамп 1 ақпаннан бастап үш елден келетін тауарларға баж салығын енгізетінін жазған болатынбыз. Бұған жауап ретінде Канада мен Мексика АҚШ-қа қарсы баж салығын енгізбек.