Жергілікті полицейлер қаланы күтпеген қонақтардан қорғап қалуға әрекеттеніп отыр.
Канадалық Альберта провинциясының ормандарында 40 мың аю мекендеп жатыр. Алайда өрт салдарынан орманның көп бөлігі өртеніп, жануарлар табиғи тіршілік ету ортасынан айырылды. Азық іздеп жүрген аюлар сол үшін қалаға кіруге мәжбүр болып отыр, ал мұнда адамдардың болмауы олардың саяхатын қауіпсіз етуге жағдай жасауда. Бұдан басқа, бос қалған үйлерде азық-түлік бүліне бастап, иісі бүкіл қалаға тарап кетті, деп жазады epochtimes.ru.
«Адамдардың болмауы аюлардың бұрын бармаған жерлерге кіруіне жағдай жасап отыр», - дейді Альберта университетінің профессоры биолог Ли Фута.