Қанат Бозымбаев әуе апаты туралы: алдын ала себебін айту мүмкін емес
АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы әуе апатына қатысты пікір айтты.
— Тіпті, алдын-ала себебін анықтау мүмкін емес, өйткені, бұл үшін арнайы мамандар бар. Жұмыс жүріп жатыр, сонда жағдай нақты болады. Дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Адамдар барын салып жатыр, ұшақ құлап, аударылып жатқанда біраз нәрсе болуы мүмкін. Сондықтан қорытынды жасағым келмейді, — деді Қанат Бозымбаев әуе апаты болған өңірде өткен брифингіде.
Айта кетсек, алдын ала ақпарат бойынша, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан тірі қалған қазақстандықтар жоқ.
Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауға барып ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты.
Өкінішке қарай, еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев ұшақ бортында болған барлық қазақстандық мерт болғанын хабарлады.