Видеода Ислам спаррингтегі қарсыласын нокаутқа түсіргенін байқауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз (24-0, 19 КО) командасы Qazaq promotions қыркүйектің 9 күні жеңіліп көрмеген канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11 КО) кезекті айқасын өткізеді. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек кеші елорда төріндегі «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
Бұл күні Қанат Исламмен бірге тағы 8 отандасымыз - Жанқош Тұраров (21-0, 15 КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2 КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3 КО), Әли Ахмедов (7-0, 5 КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6 КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1 КО) өнер көрсетеді.