«Қандыағаш-Ырғыз» тасжолының учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3 шақырымынан 92 шақырымға дейінгі учаскесінде барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Фото: видеодан алынған кадр

"Күннің күрт жылынуынан қар жылдам еріп, су өткізгіш құбырларды шайып кету қаупі туындады. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар А-26 автожолының 3 шақырымынан 92 шақырымға дейінгі учаскесінде барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды" делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы техникалар мен жұмыс бригадасы жұмылдырылды.