«Қазақстан! Евгений, Әбілхан және Бек болашақ әлем чемпиондары!» – деді Канело көлігінің терезесінен сөйлеп, артынша боксшылармен қол алысты.
Бұл видеоны Suleimen Promotion промоутерлік компаниясы жариялады. Ол Евгений Павлов, Әбілхан Аманқұл және Бек Нұрмағанбет туралы айтты. Қазан айында Евгений Павлов мексикалық Хесус Гомес Кинтананы жеңіп, рекордын 8 жеңіске жеткізді. Әбілхан Аманқұл екінші жекпе-жегін 22 қазан күні мексикалық Йеассон Пачеко Сервантеспен өткізеді. Бек Нұрмағанбет осы жылдың маусым айында Кейнел Уиллерді жеңіп, кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.
Фото: sports.kz