Paramount Pictures студиясы YouTube желісінде түсірілім алаңынан жасалған бейнероликпен бөлісті. Осы жылдың мамыр айында жалғызбасты ит туралы британ басылымдарынан оқыған режиссёр Майкл Бэй Фреяны өзінің фильміне шақырған. Фрея 6 жыл бойы қаңғыбас жануарларға арналған орталықты паналаған, осы аралықта иттің иелері болғандар талма ауруы үшін одан 18 мың рет бас тартқан.
Айта кетейік, бірнеше ай бұрын ұлыбританиялық ерлі-зайыпты қарттар Фреяны өздеріне алып, баспана берді, деп жазады 24.kz.