Оның атап өтуінше, қаңтар оқиғасына қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталған адамдар ғана тергеу изоляторына қамалған
«Тергеу және прокуратураның бастамасымен соттар күдіктілердің жасаған қылмысын, жеке басын, жасын ескере отырып, 270 адамға күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау іс-шараларын қолданды. Ол: үйқамақ, ешқайда кетпеу туралы қолхат. Бұл нәтиже тергеу және прокуратура органдарының қылмыстық істер материалдарын мұқият зерттеуі барысында мүмкін болды. Заңды сақтауды және адамдар құқықтарының қорғалуын тек қылмыстық істерді тергегенде ғана емес, қамауда ұстау жағдайларына қатысты да қамтамасыз ету өте маңызды», - деді төраға орынбасары Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.