Биыл дүниеге келген балаларға ең көп қойылған есімдер қандай
18:28, 14 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 249,3 мың бала дүниеге келді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Олардың ішінде:
128,4 мыңы – ұл
120,9 мыңы – қыз
Қалалық жерде 152,2 мың, ауылдық жерде 97,1 мың сәби өмірге келген.
Туудың ең жоғары коэффициенті келесі өңірлерде тіркелді:
Түркістан облысы – 1000 адамға шаққанда 22,26
Шымкент қаласы – 21,46
Маңғыстау облысы – 21,26
Айта кетейік, биыл жаңа туған нәрестелер арасында ең танымал болған есімдер:
ұлдар арасында – Мұхаммед, Әлихан, Айсұлтан,
қыздар арасында – Айлин, Асылым, Медина
Осыған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының нақты санын атаған болатын.