«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған орындар табылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады.
Фото: ҰҚК
4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.