«Алматыда қаланың екі жағынан жиналған мыңдаған адам Орталық алаңға бет алды. Қоғамдық жаппай тәртіпті бұзу басталды. Заңсыз шеру ұйымдастырылды. Қалада кептелістер пайда болды. Наразылыққа шыққандардың саны артты. Демонстранттар көліктерді тоқтатты. Жүргізушілер мен жолаушыларды алаңға баруға мәжбүрледі. Жолда олар арматурамен, таяқтармен және тастармен қаруланды. Полицияның заңды талаптарына бағынбады. Онымен шектелмей, заңсыз шеруді тоқтатуға жұмылған Ұлттық ұланның 250 әскери қызметкеріне шабуыл жасады. Олардың 30-ы дене жарақатын алды. Оларға көмектесу үшін қосымша қызметкерлер мен СОБР тартылды», - деді Марат Ахметжанов.
Оның айтуынша, орын алған жағдай ескеріле отырып, полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері адам өлім-жітіміне себепкер болмайтын арнаулы құралдармен жабдықталған. Шабуылдаушылармен қақтығысқан сәтте мұндай құралдар қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін қолданылған.
«Бұл құралдар «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сай жүзеге асырылды. Ол үшін барлық негіз болды: жаппай тәртіпсіздіктер мен қоғамдық тәртіпті топтасып бұзу, азаматтарға, қызметкерлерге, ғимараттарға, көлік құралдарына шабуылдарды тойтару, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған тұлғаларды ұстау», - деді министр.
Оның сөзінше, полиция қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге тырысып, өлімге әкелмейтін әсерлі арнайы құралдарын ашық қақтығыс мезетінде ғана қолданды. Бұл халықаралық тәжірибеге де, елдің заңдарына да, атап айтқанда «Құқық қорғау қызметі туралы» заң талаптарына сәйкес келеді. Бұл әрекеттерді жүзеге асырдың барлық себептері болды: жаппай тәртіпсіздік, азаматтар мен полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру, қарсылық көрсеткен адамдарды ұстау.
«Тәртіпсіздікке қатысушылар полицейлерге қарсы арматура, тұтандырғыш қоспасы бар бөтелкелер, тас лақтырып, тәртіп сақтау күшіне қарсылық көрсетті. Алматыда 33 полиция мен әскери қызметші ауыр жарақат алды»,-деді министр.
Фото: Reuters