Қаңтар оқиғасының бұрмалануы мақсатты ақпараттық науқан екенін түсіну қажет – ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпараттық кеңістікте қаңтар оқиғалары бұрмаланып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазір ақпараттық кеңістікте өткен оқиғалардың бұрмаланып отырғанына куә болып отырмыз. Митингілердің бейбіт сипаты және құқық қорғау күштерінің заңсыз әрекеті туралы айтылады. Мұның бәрі билік қабылдаған шешімдердің беделін түсіру, ең бастысы – жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушылары жауапкершіліктен бой тасалауы үшін жасалады. Қазақстандықтар мұның қоғамдық сананы айла-шарғы жасау жөніндегі мақсатты ақпараттық науқан екенін түсінуге тиіс. Осыған байланысты азаматтардан тек ресми, тексерілген ақпарат көздеріне сенуді сұраймын», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.