Қаңтарға дейін және кейін: Алматы мен Шымкентте бүлінген ғимараттар қалай өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Оңтүстік астанада 2022 жылдың 4-6 қаңтар аралығында әкімдік, Президент резиденциясы, «Qazaqstan» телерадиокешені, ғимараттар, сондай-ақ коммерциялық нысандарға өртеніп, қирады.
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан кәсіпкерлер айтарлықтай шығынға ұшырады. Шерушілер әуежай мен бірнеше ұшақты басып алды. Сонымен қатар дүкендер, сауда және ойын-сауық орталықтары, банк кеңселері мен банкоматтар тоналды.
Бұзақылар сол қайғылы күндері әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндіріп және тонады. Жедел жәрдем көліктерінің жүруіне кедергі келтіріп, медицина қызметкерлерін ұрып-соғып, ауруханаларды қиратып, полиция көліктерін аударып тастады.
Қазір еліміздің өңірлерінде қираған нысандардың барлығы қалпына келтірілді. Алматыда бұзылған ғимараттардың басым бөлігі жөнделсе, кейбірі толығымен сүрілді. Мұқият сараптамадан кейін Qazaqstan телерадиокешенінің ғимараты бұзылып, оның орнына заманауи медиа орталық салужоспарды. Құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
Президент резиденциясының кешені де бұзылып, орнына саябақ салынады. Қазір аталған аумақ қоршалған.
Қала әкімдігін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, ғимарат бұрынғы жұмысына қайта оралды.
2023 жылдың қаңтарында «Кazinform» агенттігі «Қаңтар» арнайы жобасы аясында қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккен ғимараттарды аралап, суретке түсіріп қайтты.
Қала құрылысын бақылау бөлімінің мәліметінше, 337 объект бүлінген, оның оны – мемлекеттік мекеме. Олар – Алматы әкімшілігі, Президент резиденциясы, Бас прокуратура, «Qazaqstan» телерадиокомпаниясы мен Алматы қаласы полиция департаментінің алты ғимараты. Ең қатты зардап шеккен - Республика алаңы аумағында орналасқан нысандар. Бүлінген ғимараттардың көбі қалпына келді, кейбірі толықтай бұзылды.
Шымкентте 2022 жылдың қаңтар айында тонаушылардың әрекетінен кәсіпкерлік нысандары, мәдени-әкімшілік ғимараттар зардап шекті. «Көрме» көрме орталығы толығымен дерлік қирады. Бірақ бүгін ғимарат қалпына келтірілді - жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Сонымен қатар, Шымкентте Түркістан сарайын, Шанин атындағы драма театрын, әкімдік пен қаланың басқа да маңызды нысандарын қалпына келтіру қажет болды. Оларды қалпына келтіруге миллиардтаған теңге бөлінді.
Айта кетейік, 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары Қазақстан тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңі болды.
Осыған дейін ҚР Президенті Телерадиокешені Қаңтар оқиғасының үш жылдығына арналған деректі фильм түсіргені туралы жазған едік. Фильм мемлекеттік төңкеріс әрекетінің хронологиясын баяндайды және «Үш жылда Қазақстан қоғамы қалай өзгерді?» деген басты сұраққа жауап береді.
Ең бастысы, Қазақстан Президенті одан әрі батыл реформаларды жүзеге асыру үшін халықтың қолдауын алды, бұл төңкеріс ұйымдастырушыларына ұнамады. Деректі фильмде Қазақстанның ауқымды трансформациясының негізгі кезеңдері хронологиялық тәртіппен көрсетілген.