АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысы жедел-іздестіру тобының қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір айында Қапшағай қаласында топтық жанжал кезінде металл тұрбамен отбасылық жұпты ұрып өлтірген 31 жастағы ер адамды құрықтады.
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде хабарланды.
Ол қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйіттерді жәбірленушілерге тиісті «Мерседес» автокөлігінің жүк салғышына тиеп, Іле өзенінің аңғарына әкеліп, өртеп жіберген.
«Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген ІІМ мәліметінде.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.