Үш адамның Toyota Land Cruiser көлігін қасақана өртеп жатқан әрекеті бейнебақылау камерасына түскен. Бейнежазбада үш жігіт алдымен көлікті бүлдіріп, артынша тапаншаға ұқсас затпен көлікті өртеп, оқиға орнынан қашып кетеді.
«27 тамыз күні Қапшағай қаласындағы казинолардың бірінің өкілі Қапшағай қалалық ІІБ-ге арыз түсірді. Ол казиноның алдында тұрған жарнамалық машинаны белгісіз біреу өртеп жібергеніне шағымданған. Toyota Land Cruiser көлігін өртегендер әлі іздестіріліп жатыр», деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 202-бабы 2-тармағы бойынша (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) қылмыстық іс қозғалды.