Қар мен аяз: Алматының таңғажайып келбеті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 25 градус аяз, жуырда жауған қар әлі еріген жоқ. Ақ ұлпа қар басқан қаланы ҚазАқпарат фототілшісі суретке түсіріп қайтты.

Айта кетейік, 10 қаңтар түскі уақытта басталған қар тоқтаусыз бір жарым тәулік жауды. Қаланың ішінде түскен қардың қалыңдығы 15 см болса, таулы аймақтарда 20-25 сантиметрге жетті. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер арнайы техниканың көмегімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеді. Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы қозғалды. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды. Аяздың беті әлі қайтқан жоқ.


Термометр 22-25 градус аязды көрсетіп тұр. Алматы тұрғындары мен қонақтары аязды күнге қарамастан таза ауада серуендеп, күндерін сәтті өткізіп жатыр. Саябақтардан қар атысып, шана теуіп жүрген балаларды көруге болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша қаладағы аяқ тағы бір аптадай сақталады.