Алматыда аяз беті қашан қайтады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Алматы қаласында 14-20 қаңтар күндері қалыптасатын ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -11-13 градус болады.
15 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде термометр бағаны - 20-22, күндіз -10-12 көрсетеді.
16 қаңтарда ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.
17-18 қаңтарда сынап бағанасы түнде -12-17, күндіз 8-13 градус.
19-20 қаңтарда көшпелі бұлт шығады. Қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -12-17, күндіз -5-10 аяз.
Бұған дейін қаланың Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға аязға байланысты ескерту жасаған еді.

12-13 қаңтар күндері мектеп оқушылары мен колледж студенттері үйден оқыды.


Соңғы жаңалықтар