Алматылық оқушылар мен студенттер екі күн үйден оқиды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алдағы екі күн мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық оқушылар мен студенттер екі күн үйден оқиды

«2023 жылдың 12-13 қаңтары күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан білім беруді ұсынудың талабы мен ережесіне сәйкес қашықтан оқытуға көшіріледі», - делінген Білім басқармасының мәліметінде.

Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, -25 градус аяз болатыны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әкімдікте қысқы тазалау технологиясына сәйкес, қала көшелері қалай тазартылатынын айтты.

Айта кетейік, кеше түскі сағат 12:00-де басталған қар тоқтаусыз жауып тұр.