Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 28 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, батыста, күндіз солтүстік-батыста, еліміздің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде Атырау облысында жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік-батыста бұрқасын соғады.
Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.