Карачидегі лаңкестік шабуылдан үш қауіпсіздік қызметкері көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи портындағы Рейнджерс мекемесіне жасалған лаңкестік әрекеттен үш қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа .

Фото: Pexels

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20:10 шамасында (GMT сағат 15:10) болған. Лаңкестер Карачидің Гулістан-и-Жаухар ауданындағы Рейнджерс штабының бас қақпасына жарылғыш зат тиелген көлікті кіргізген. Бұл туралы Синд провинциясы полициясының бас инспекторы Джавед Алам Одхо мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қауіпсіздік күштері мен шабуылдаушылар арасындағы атыс кезінде 4 лаңкес өлтірілген.

Еске сала кетейік, Карачидегі АҚШ консулдығына шабуыл жасалып, 8 адам қаза тапты. Ал Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жанкешті жарылғыш зат тиелген көлікпен полиция бөлімшесіне соқтығысып, салдарынан кемінде 12 полицей қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.