Қарағанды облысы Осакаров ауданында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1107 шақырымында қар құрсауында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік тұрып қалды.
— ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол көлігі және вахтовканың көмегімен 32 жолаушыны Осакаров ауылына жеткізді. Эвакуацияланғандар медициналық көмекті қажет етпеді, — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Осыған дейін Теміртаудан шығар жолда 800 көлік кептеліп қалғанын жазған болатынбыз.