Бүгін, 23 қазан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
«Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1066 — 1135 шақырым аралығы (Молодежный кенті — Павлодар облысының шекарасы);
- «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231 — 324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара кенті);
Жолды 2026 жылы 24 қазан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
ШҚО мен Қарағанды облысындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған тедік.