Қарағанды облысында қазанның соңында -7°С аяз күтіледі

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысында қазан айы климаттық нормадан жылырақ болады деп болжанып отыр. Алайда ай ішінде ауа райы құбылмалы болып, температураның едәуір ауытқуы, үсік пен жауын-шашын күтіледі.

Фото: Қрағанды облсының әкімдігі

Синоптиктердің болжамынша, қазан айындағы ауаның орташа температурасы 5,0… 9,3°С аралығында болады. Бұл климаттық нормадан 1–2°С жоғары. Дегенмен ай бойы температуралық жағдай айтарлықтай өзгеріп отырады.

Қазанның алғашқы онкүндігінде күн біртіндеп жылынады. Түнгі ауа температурасы 0… 5°С-тан шығыс аудандарда 8°С-қа дейін көтеріледі. Топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 10… 15°С-тан 15… 20°С-қа дейін жоғарылайды.

Одан кейін күн қайта суытады. Түнгі температура 1…6°С аязға дейін төмендеп, күндіз ауа 6… 11°С-қа дейін жылынады.

Қазанның екінші онкүндігінде де ауа райы құбылмалы болады. Түнде ауа температурасы -1…-6°С аяздан 2… 7°С-қа дейін, күндіз 6… 11°С-тан 12… 17°С-қа дейін өзгереді.
Үшінші онкүндіктің басында күннің одан әрі салқындауы күтіледі. Түнде ауа температурасы -1…-6°С-қа дейін төмендеп, күндіз 6… 11°С шамасында болады. Кейін күн қайта жылынады: түнде ауа температурасы 6… 11°С-қа, күндіз 16… 21°С-қа дейін көтеріледі.
Ай соңына қарай ауа температурасы қайта төмендейді. Түнде -2…-7°С-қа дейін суытып, күндіз 5… 10°С болады.

Облыстың басым бөлігінде қазан айындағы жауын-шашын мөлшері климаттық нормаға сай 8–30 мм шамасында болады деп күтіледі. Ал өңірдің оңтүстік жартысында жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады.

Жаңбыр қазанның үшінші онкүндігінде жиірек жауады. Ай соңында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Қазанның үшінші онкүндігінің басы мен соңында тұман түсуі ықтимал.

Бұған дейін қазанның алғашқы күндерінде қай өңірлерде қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлаған болатынбыз.