Қарағанды облысында Қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсті

Кадрдан алынған видео

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қазақ даласында сирек кездесетін жануар — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген арқар фототұзақ объективіне түсіп қалды.

Кадрларды «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Белодымов» филиалы жариялады.

Кадрда ол табиғат ортасында өзін еркін, әрі осы дархан даланың толыққанды иесіндей сезініп тұрғандай көрінеді.

Материалдарды филиалдың аңшылық маманы Т.Г.Ковальчук ұсынған.

Бұған дейін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалғанын жаздық. Сондай-ақ осы қорық аумағында Орталық Азия барысы да фототұзаққа түскен.