ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қазақ даласында сирек кездесетін жануар — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген арқар фототұзақ объективіне түсіп қалды.
Кадрларды «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Белодымов» филиалы жариялады.
Кадрда ол табиғат ортасында өзін еркін, әрі осы дархан даланың толыққанды иесіндей сезініп тұрғандай көрінеді.
Материалдарды филиалдың аңшылық маманы Т.Г. Ковальчук ұсынған.
Бұған дейін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалғанын жаздық. Сондай-ақ осы қорық аумағында Орталық Азия барысы да фототұзаққа түскен.
Жасұлан Бақытбекұлы
Жасұлан Сейілханов 1986 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Мамандығы – журналист. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған. Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық газеттерде тілшілік, жетекшілік, басшылық қызмет еткен. Kazinform ХАА шығарушы редакторы.