Қарағанды облысында TikTok-та бейәдеп сөз айтқан әйел жауапқа тартылды

АСТАНА.KAZINFORM – Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасында жарияланған бейнежазбаны анықтады. Видеода әйел адамның бейәдеп сөздер айтып, әдеп нормаларына қайшы әрекеттер жасағаны байқалады.

Фото: видеодан алынған скрин/Polisia.kz

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер әйелдің жеке басын анықтады. Ол – 1992 жылы туған Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғыны Динара Макаш. Ол полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен Динара Макашқа айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, Атырауда TikTok-та балағат сөз айтқан қыздың анасы жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды.