Қарағанды облысында түрмеде сотталғандарды қорлаған қызметкерлер жазаланды - ҚАЖД

   Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) колония қызметкерлерінің сотталғандарды қорлау фактісін растады. Департамент басшылығы тергеу жүргізіп, қызметкерлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

 Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысындағы колонияда түсірілген видео тарады. Кадрларда қызметкерлердің сотталғандарды қорлап жатқанын көруге болады. ҚАЖД бұл фактіні растады.

«ҚАЖД №31 мекемесінің қызметкерлері мен сотталғандардың Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша заңсыз әрекеттері туралы бейнежазбаларды тарату фактісі болғанын хабарлайды. Қызметтік тергеу жүргізілді, қызметкерлер жауапқа тартылды»,- деп хабарлады ҚАЖД Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша баспасөз қызметі.

Жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін құқық қорғау ұйымдары өкілдері мекемеге барды. Сонымен қатар, ҚАЖ департаментінің басшылығы тексеріс қорытындысы бойынша сотталғандардың туыстарымен кездесті.

«Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақты және ҚАЖД басшылығының бақылауында», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.