Қарағанды облысының Шет ауданында, Мойынты станциясында жол бойындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, артынша ғимарат лезде өртке оранған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жеткен сәтте нысанның бүкіл аумағында ашық және қарқынды жану тіркелген.
Зардап шеккендер дереу жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілуде. Медициналық мекеме оларды қабылдауға алдын ала дайындалып, төсек-орын мен шұғыл көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 9 адам зардап шеккен.
Қазір болған оқиғаның себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда пойызда 52 адамның табиғи газдан уланғаны хабарланған болатын.