Қарағанды облысында 12 қарашада дыбыстық электр сиреналарын іске қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі.
Сирена сағат 10:00 іске қосылады. Тексеру облыстық «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді.
— 2026 жылғы 12 қарашада сағат 10:00–де «Баршаңызға назар аударыңыз!» сигналын бере отырып, аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру жүргізіледі, — деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖД қызметі.
Ведомство өңір тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға және дүрбелең тудырмауға шақырады.
Осыған дейін Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының цифрлық егіздері жасалатынын жазғанбыз.