Қарағанды өңірлік көлік прокуратурасы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-нің жергілікті филиалында қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылғанын анықтады.
Белгілі болғандай, кәсіпорын жұмысшылары ауысым басталар алдында міндетті медициналық куәландырудан өткенімен, оған жұмсаған уақыты үшін ақы алмаған.
Прокуратураның наразылығынан кейін кәсіпорын оны қанағаттандырып, ішкі актілеріне тиісті өзгерістер енгізді.
Нәтижесінде 700-ден астам қызметкерге бұрын төленбеген медициналық тексеру уақыты үшін 5 млн теңгеден астам өтемақы берілді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 676 студентке 50 млн теңге стипендия мен өтемақы төленгенін жазған едік.