Қарағандыда жеке сектордағы 60-қа жуық үй жылусыз қалды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағандыда жеке секторда троллейбус тиелген ауыр жүк көлігі аркалы жылу трассасын бұзды. Нәтижесінде бірнеше үй жылусыз қалды.

Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін Шәкіров көшесіндегі жеке секторда ауыр жүк көлігі жылу құбырын қиратып өтті. Нәтижесінде бірнеше жеке үйде жылумен жабдықтау ішінара бұзылды. 

«Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі мен „Теплотранзит“ ЖШС өкілдері оқиға орнында жүр, мамандар жүйенің қатып қалуын болдырмау үшін су төгіп жатыр, сондай-ақ ескі құбырды бөлшектеуге және жаңа құбырды монтаждауға кірісті», — деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта апат салдарынан жеке секторда орналасқан 58 үй жылусыз қалды.

«Жөндеу жедел түрде жүргізілуде», — деп қосты әкімдікте.