«Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болған. Шақыртуға келген құтқарушылар бір сағат өткен соң 9 жасар баланың денесін су ағатын арықтан алып шықты», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала арыққа ойнап жүріп, түсіп кеткен.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және барынша сақ болуды ескертеді.