Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ведомствоның ақпарат алаңында осындай мәлімет айтты.
«Қарағанды облысында 20-25 жас аралығындағы жігіттерден құралған топ қазақстандық интернет-сауда алаңдарында автобөлшектер сатылатыны туралы жалған жарнама жариялап отырған. Салдарынан 23 азамат зардап шекті. Келтірілген материалдық шығынның көлемі 4 млн теңгеден асады. Бұл іс бойынша сот үкімі шықты. Кінәлілер 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», - деді Тергеу департаментінің бастығы.
Еске салсақ, осыған ұқсас алаяқтық әрекеті үшін Жамбыл облысының тұрғыны 3,5 жылға сотталған болатын. Ол Instagram арқылы 40-тан астам адамның ақшасын иемденіп кеткен.